Қарағандыда әйелдің өліміне себепші болған аттракционды жергілікті әкімдік үш күннен бері есепке алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Не облыстық, не қалалық әкімдік экстремалды секіру қондырғысының техникалық жағдайын қандай орган қадағалайтынын, кім оларға рұқсат бергенін білмей отыр.
Ада өліміне әкеліп соқтырған мұндай аттракционның қауіпі жоғары болғанына қарамастан тиісті шаралар қабылдамаған. Бұл мәселеге қатысты мәжіліс депутаттары наразылық білдірді. Олар шенеуніктер ешқандай жұмыс жасамағанын айтып ашынған.
Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева Қарағандыдағы 9 қабатты Созвездие қонақүйінің шатырынан секірем деп жақындарының көзінше мерт болды. Марқұмның артында 3 баласы қалды.
Евгенияны қауіпсіздік ережесін сақтамастан биіктен секіртіп жіберген нұсқаушы қамауға алынды. Бірақ облыстық әкімдік те, қалалық әкімдік те оларға тұрғындарды секіртуге кім рұқсат бергенін білмейді.
“ҚР ұлттық стандартына сәйкес иілгіш элементтері бар мына аттракциондар: катапульттар, иілгіш арқанмен биіктіктен секіру және т.б. белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алғанға дейін жергілікті атқарушы органдарда есепке қойылмайды”, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал жергілікті прокуратура аттракциондар дәл осы облыс әкімдігінің құзыретінде екенін хабарлады.
"ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" заңының 27- бабына сәйкес аттракциондар мен қондырғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау облыс әкімдігінің құзыретінде”, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Өз беттерінше бизнес жасап алған экстрамалдар мәселесі бүгін мәжілісте көтерілді. Депутат Артур Платонов түк білмейтін шенеуніктерді жазалауды сұрап, Премьер – Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдады. Аттракциондарды маусым алдында және жоспарлы тексеруді, есепке алуды талап етті.
“Жергілікті атқарушы органдар аталған жабдықтарды орнатуға рұқсат бермегенін немесе басқа да түсініктемелерді айтып ақталып жатады. Ел бойынша қанша нысан есепке қойылмаған? Қаншасы тексерілді? Осындай нысандарда балалар мен ересектер қайғылы жағдайға тап болып жатыр, яғни бұл тұрғыда жауапкершілік жоқ. Заңды өрескел бұзған. Адамдың қазасы мен денсаулығы үшін кім жауап береді сонда? Барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз ету керек. Осы салада бақылауға жауап беретін шенеуніктер жазаға тартылсын”, – деп мәлімдеді Артур Платонов.
Бұлар - экстремалдар емес, апаттан құтқарушылар. Олар ондаған метр биіктіктен адамдарды аман-есен жерге түсіріп алады. Мамандар арнайы мемлекеттік стандарттар мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
“Жұмыс басталғанда жаңағы арқанды қалай бекітілгенінін қауіпсіздік ережелері бойынша бәрін байлап шығу керек. Каскасы болу керек. Төменге түсу үшін алдымен астындағы құтқарушы страховкада тұрса түсетін құтқарушы дайын ба деп сұрайды. Жаңағы дайын деген белгіні естігеннен кейін барып астыға түседі”, – дейді қалалық құтқару бөлімінің жетекшісі Алмас Қарсыбеков.