14.10.2021, 09:40

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шығатын күнін айтты

Фото: ашық дереккөзі
Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.

Орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белдіктеріне ие Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) 5 қарашада жекпе-жек өткізетінін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Жәнібек биылғы 5 қарашада Лас-Вегаста тәжірибелі француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.

«Мен басқалардан ерекшеленемін және оны бәрі біледі. Менде басқа мәнер бар. Қазақ мәнері — әлемдегі ең үздік мәнер. 5 қарашада мен оны көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де.⠀

Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін биылғы маусым айында Лас-Вегаста да өткізген болатын. Онда ол WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Роб Брантты (26-3, 18КО) мерзімінен бұрын сегізінші раундта жеңген болатын.