14.10.2021, 11:40

Мәдина Сәдуақасованың жаңа образы қызу талқыға түсті

Желі қолданушылары өнер иесінің образын сынға алды.

Мәдина Сәдуақасова жаңа образдағы суретін жариялап, тағы да елдің талқысына түсті. Фанаттардың бір тобы Мәдинаның сыртқы келбеті үшін сынаса, екіншілеріне өзгеріс ұнап қалған, деп жазады Stan.kz.

Соңғы кездері мың құбылып жүрген әншінің жаңа образды паш етуі бекер емес. Сәдуақасова бүгін жаңа әнін жарыққа шығармақ. Айтуынша, аталған туындыны алғашында әріптесі Нұрболат Абдуллин орындамақ болған. 

"Ертең жаңа ән! Бұл әнді бірінші рет естігенде қатты ұнаттым, орындағым келді, бірақ композитор Аққу Байжігіт оны Нұрболат Абдуллин алып қойған деді.Өзім Нұрболатқа звандамадым, ұялдым. Бірақ ақын қызға да, композиторға да өтіндім. "Өздеріңіз Нурбуллинға айтып көресіз ба, Мадина жүрегімен қалап тұр бұл әнді" деп. Нурбуллин, рахмет үлкен", - деп жазба қалдырды әнші. 

Желі қолданушылары өнер иесінің образын сынға алды. 

"Ренжімеңіз. Бірак мына макияж бен шаш үлгісі сізге жаман болып тұр. Жараспайды", "Мадина ханым, түріңіз онша емес, мүлдем жараспайды екен", "Әдемі көздеріңізді құртып жіберген", "Көзіңізде ұшқын жоқ", - деп жазды олар.