Халық артисі Роза Рымбаевның суреті бар жарнама көпшіліктің талқысына түсті. Онда «Иманбектің жәй ғана жолы болды. Оның ремиксі шедевр емес» деп жазылған, деп хабарлайды Exspress Qazaqstan. Бұл жарнама желіде тарады. Жарнама "Газель" көлігінің сыртына ілінген.
Жарнамадан Халық артисінің суретін көрген желі қолданушылары бірден оны қызу талқылап кетті.
Отқа май құюдың қажеті қанша? Бұл — қызғаншақ адамдардың ісі. Фотошоп болуы мүмкін, - деп жазды желі қолданушыларның бірі.
Жаз айында Роза Рымбаева "Грэмми" сыйлығын алған Иманбекке байланысты өз пікірін білдірген еді. Онда әнші Иманбектің жолы болып кеткенін айтып, жас диджейді кәсіби музыкант емес деген болатын.