$ 445.66  474.58  4.78

Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер отырғызылды

Абаттандыру бойынша жүргізілген жұмысты жергілікті тұрғындардың бірі фотоға түсірген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтауда газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция орнатылған. Бюджет есебінен жасалған газонның бағасы 15 миллион теңгені құраған деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Шенеуніктер Ынтымақ алаңындағы бұл пластиктен жасалған “туындыны” “Гүлденген дала” декоравтивті жүйесі деп атаған. 

Әкімдіктен хабарланғандай, бұл декорациялық инсталяцияны "Clover media group" ЖШС жасаған. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап олармен шарт жасасқан.

Инсталляциясының ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны 15 404 000 теңгеге бағаланады.

Қазіргі уақытта биыл 20 қазанға дейін аяқталуы тиіс деп жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.

Абаттандыру бойынша жүргізілген жұмысты жергілікті тұрғындардың бірі фотоға түсірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары