Қызылорда облысы Шиелі ауданының 23 жасар тұрғынын өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды «Қазақпарат» облыстық прокуратура басқармасының басшысы Ерлан Қожановқа сілтеме жасай отырып.
«Бүгінде тергеуді облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы жүргізуде. Әзірге, тергеу мүддесіне қарай қылмыс тұрмыстық жанжал барысында жасалғаны ғана айтылуда. Сондай-ақ, аталған іс бойынша бас күдікті 45 жастағы полиция қызметкері екені белгілі болды», делінген хабарламада.
Қазір күдікті Шиелі аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Оған адам өлтірді деген айып тағылған.