$ 447.4  477.55  4.76

Сот орындаушысын ұрған алматылық сотқа арыз түсірді

Іс әкімшілік сотта қаралмақ.

Сот орындаушысын ұрған Максот Искаков Әділ Ермековтің үстінен сотқа шағым түсірді. Ол сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп тануды сұраған, деп хабарлайды Stan.kz.

"Арыз сотқа 11 қазанда келіп түсті. Искаковтың арызында сот орындаушысының іс-әрекеті заңсыз деп танылуын сұраған. Сот отырысы 5 қарашаға белгіленді", - деп хабарлаған Алматы сотының баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводағылар істің әкімшілік сотта қаралатынын айтты. 

Айта кетейік, сот орындаушысы қазанның басында Алматыдағы Бостандық ауданында үйді ысыру жайлы сот қаулысын орындау кезінде соққыға жығылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары