Lada Granta жүргізушісінің кесірінен болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен тас жолының 19-шақырымында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған", – дейді құқық қорғау органдары өкілі.
Апатқа байланысты полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta көлігі айып тұрағына жеткізілді.