17.10.2021, 00:08

Карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

Фото: ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Жарлық 2021 жылы 17 қазанда күшіне енеді және ол ресми түрде күшін жойғанға дейін қолданыста болады. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.