$ 494.87  520.65  4.91

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің жағдайы ауыр

Оның аштық жариялағанына бірнеше апта болды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Елизавета Ясько оны ауруханаға жатқызу керектігін айтуда, деп хабарлайды lenta.ru.

Қазіргі уақытта Михаил Саакашвили Рустав түрмесінде жатыр. 15 қазан күні бұрынғы президент медициналық тексеруден өтуге және дәрі қабылдауға келісімін берген еді. Саясаткердің жеке дәрігері Николоз Кипшидзе Саакашвилимен бірнеше күн бұрын кездескенін, алайда содан бері оның жағдайы нашарлағанын айтты. Дәрігерлер консилиумі 19 қазанға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары