$ 447.4  477.55  4.76

Астанада жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиға Абылай хан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болған. Жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жол апаты бүгін сағат 5 шамасында болды, деп мәлімдеді елордалық ПД-нің баспасөз қызметі. Instagram-дағы astana_sergek парақшасы оқиға орнындағы көріністі видеоға түсіріп, жариялады.

"Daewoo Nexia" маркалы көлігі Абылай хан көшесімен келе жатып Жансүгіров көшесінің қиылысында мотоциклмен соқтығысты. Нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - деп мәлімдеді қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары