$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда әйелін қызғанған жігіт туысының пәтеріне жасырын камера қойған

35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда 35 жастағы жігіт туысының пәтеріндегі жуынатын бөлмеге жасырын камера қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы полицияға 36 жастағы әйел шағым түсірген. 

Полицияға 17 қазанда 36 жастағы әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғаны туралы шағым түсірді. 

Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушының күйеу баласы болып шықты. 

«Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонаққа келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатқан. Камераның жанына қуаттағышын жалғаған 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары