$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында дүкенші жанжал кезінде сатып алушыны өлтіріп тастаған

Марқұм мас күйінде дүкенде жанжал шығарған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында келушіні өлтірді деген күдікке ілінген сатушы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Жексенбі, 17 қазанда, сағат 10-дар шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай қаласының Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінің жанынан зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы ақпаратты растады", – деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Ол Тұрар ауылының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті Жібек жолы ауылының 39 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол өзінің кінәсін мойындап, адамды өлтірген қаруды көрсетті.  

Күдікті дүкенде жұмыс істеген. Марқұм мас күйінде дүкенде жанжал шығарған көрінеді. 

"Жанжал кезінде ол пышақпен марқұмның кеудесіне пышақ сұғып алған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",  – деп хабарлады полициядан.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары