19.10.2021, 10:00

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Фото: ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына 13 былғары қолғап шебері қатысады.

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белград қаласында өтеді. Аталған дүниежүзілік біріншілік 25 қазан мен 8 қараша аралығына жоспарланған.

Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына 13 былғары қолғап шебері қатысады. Олар:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Сәкен Бибосынов

54 келі:Сабырхан Махмұт

57 келі: Серік Теміржанов

60 келі: Санаталі Төлтаев

63.5 келі: Саматәлі Төлтаев

67 келі: Абылайхан Жүсіпов

71 келі: Асланбек Шымбергенов

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Нұрбек Оралбай

86 келі: Бек Нұрмағанбет

92 келі: Айбек Оралбай

91 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Нұрлан Сапарбай.