19.10.2021, 12:40

Ералы Тоғжанов вакцинация жоспарын кешіктірген басшыларға шара қолдануды ұсынды

Фото: ашық дереккөз
Ол  вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту керегін айтты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинация қарқынын кешіктірген әкімдердің орынбасарларына тәртіптік шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 пайыз көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ», - деген Үкімет басшысының орынбасары әкімдіктердің жауапкершілігін күшейтетін нақты шараларды ұсынды.

Ол  вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту керегін айтты.

«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», - деді Ералы Тоғжанов.