$ 494.87  520.65  4.91

Димаш Құдайбергеннің Лондонның миллиардер тұратын ауданынан үй сатып алғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Димаштың Лондоннан миллиардердің үйін сатып алғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Бұл ақпараттың рас-өтірігі анықталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Димаштың Лондоннан миллиардердің үйін сатып алғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Бұл ақпараттың рас-өтірігі анықталды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы Қанат Айтбаев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Мынау — жалған ақпарат. Танымал адамның атын пайдаланып, хайп жасау — адамгершілікке жатпайтын ұят тірлік. Бұл өтірік ақпаратты таратып отырған арна авторы ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады, - деп жазды Димаштың әкесі.

Жазба астында арна авторы бұл видеоны көп қаралым жинау үшін таратқанын, ол жерде агрессивті мәтін, ғайбат сөз немесе Димашқа жабылға жала жоқ екенін алға тартты.

Мұның негативті астарының қандай боларын біліп отырып, жалған ақпарат тарату — қылмыс. Жасаған іске жауап беруге тура келеді,-  деп жауап берді Қанат Айтбаев.

Желі қолданушылары «Кінәлі адам жазалануы керек», «Бәрін қойып енді Димашқа көшті ме?», «Біз ендеше «құтты болсын» айтып үлгердік», — деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары