$ 448.89  477.93  4.76

Африкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын інісіне келін шай берді

Құлсарыдағы ұзату тойына Нигериядан күйеу жігіттің інісі мен жеңгесі келген.

Жақында Атырауда ұзату тойын өткізіп, тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаева жолдасымен бірге Алматыда қыдырып жүр, – деп хабарлайды exk.kz.

Атырау облысы Жылыой ауданының тумасы жақында нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан еді. Ол жұбайымен Атыраудағы шетелдік мұнай компанияларының бірінде танысқан. Заида вахталық режим бойынша аудармашы болып қызмет етеді.

Құлсарыдағы ұзату тойына Нигериядан күйеу жігіттің інісі мен жеңгесі келген. Енді олар тойдан кейін Алматыда қыдырып жүргенге ұқсайды. Instagram-да Заиданың қайнысына келін шай ұсынғанын байқауға болады.

Сонымен қатар жас жұбайлар Алматыдағы көрікті жерлерді аралаған. Оның ішінде Көктөбеге барған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары