Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Достар! Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Қызметте жүргенде көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын! Спортта қаламын", - деді Серік Сәпиев Instagram-да.
Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап басқарды. Бұған дейін оның жұмыстан босатылғанын министрлік растаған.