20.10.2021, 10:00

АҚШ-та жолаушылар ұшағы құлады

Фото: видеодан скриншот
McDonnell Douglas DC-9-87 екі қозғалтқышты реактивті ұшағында 172 орын бар.

АҚШ-тың Техас штатында бортында 21 жолаушы бар ұшақ апатқа ұшырады, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Жергілікті Сlick2Нouston телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

McDonnell Douglas DC-9-87 Брукшир ауданы (Уоллер округі) әуежайындағы ұшу-қону жолағының соңында биікке көтеріле алмады. Ұшақ қоршаудан шыға бере құлаған.

Оқиға орнынан түсірілген видеода әуе кемесінің өртеніп, бөлініп кеткені көрінеді. Дегенмен жолаушылар мен экипаж эвакуацияланды, тек бір адам ауруханаға жеткізілді.

KTRK телеарнасы ұшақтың Flair Builders жергілікті құрылыс компаниясының иесі Дж.Алан Кенттің атына рәсімделгенін мәлімдеді. Апат кезінде ол бортта болған.

McDonnell Douglas DC-9-87 екі қозғалтқышты реактивті ұшағында 172 орын бар.

Тегтер: Ұшақ апаты АҚШ