ӘКЕ, ЕГЕР СІЗ МЕНІ ЕСТІП ТҰРСАҢЫЗ…
Мен сіздің аман-есен бостандыққа шыққан күніңізді елестететіп, сол күннің туарына сендім. Бірақ, сіз бостандық шыққан соң денсаулығыңыздан айырылып, қолдан жасалынған тордың шырмауында қалады деп ойламадым. Аңыздағыдай темір бетпердеңізбен сізді Церберс, Медуза Горгон, дементорлар мен назгулалар қоршауға алды.
Мен сізге арнаған хатымды Facebook парақшама жариялау үш ұйықтасам түсіме кірмеп еді.
Бірақ әлеуметтік желі сізге ойымды жеткізудің бірден-бір жолы болып тұр. Анам мен ағам сіз бостандыққа шығады деген күннен бастап сізге қатысты ақпаратпен әлі күнге дейін әлеуметтік желілер арқылы танысып отырмыз. Бостандыққа шыққан күні әпкеңіз Рәзия Нутушеваның үйіне бардыңыз. Сіздің отбасыңызға, үйге оралатыныңызға сенген едім. Бірақ сіздің әпкеңіз бұған жол бермей отыр. Мүмкін ол кісіге де қысым жасалған шығар. Әрине ауыр науқасқа шалдыққан адамды күтімге алғаны үшін Рәзия тәтеге алғысымыз шексіз. Ол сіздің емделуіңізге қаржы жинау жауапкершілігін де өз мойнына алды.
Сіз «бостандыққа» шыққан 18 күннің ішінде мен сізді екі рет көрдім. Бұл жайында көп адам білмейді. Сізден алыстаған 15 жыл ішінде сізді алғаш рет көруге мүмкіндік туған сәтте мен сізді енді күн сайын көремін тіпті жақын арада сізді өз үйімізге алып кетеміз деп үміттендім. Бірақ бізді сізге жібермей жатыр, алдымен олар бізге көңіл аудармады, енді олар «ковид» және «карантин» туралы мәлімдеп, бізге телефонмен сөйлесуге де рұқсат бермеді. Олар тіпті аз ғана уақыт жүздесуге хаттар мен сәлемдемелер жіберуге де тыйым салды. Сіз режимі жеңілдеу уақытша ұстау изоляторына қайта түскен сияқтысыз. Менің ойымша енді сізге біздің шалған қоңырауымыз жетпейді. Телефон тұтқасын сізге беру туралы өтінішіміздің орындалмайтынына сенемін.
«Босатылғаннан» бірнеше күн өткен соң, сізді шұғыл түрде ковид ауруханасына алып кетті, бірақ Рәзия тәтем және оның айналасындағылар бізге коронавирус сынағы теріс болғанын айтты, сіздің жаныңыздағы адамдарда да солай болды, бұл жаңалық бізді қатты қуантты! Жүрегіміз орнына түскендей болды!
Сізді әпкеңіздің үйіне кері әкелді. Ескі емделмейтін аурулар қатарына пневмонияның қосылғанын жариялады. Сізді «пневмония», ал қазіргі таңда «ковид» пен қалай емдеп жатқанын (тәтенің айтуы бойынша, бірде ковид бар, бірде жоқ), сізге қандай дәрі-дәрмектерді тағайындағанын да білмейміз.
Біздің екінші кездесуіміз қысқа болды. Мен сізбен жалғыз қалған аз ғана уақыт, өкінішке қарай, бірнеше минуттарға ғана созылды…
Жазбаның толық нұсқасы https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1193251224536770&id=100015557111628
Сенің қызың Айдана
Алматы, 18 қазан 2021 г.