$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев азық-түлік бағасының өсуі туралы айтты

Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының өсуі мен ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының өсуі - әлем нарығында болып жатқан күрделі мәселе екенін айтты. Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттаған.

"Біздің еліміздегі қордаланған мәселелердің салдарынан азық-түлік қымбаттап отыр. Бұл мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Аталған мәселені жүйелі түрде шешуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы саласына қыруар қаржы бөлсек те, азық-түліктің басым бөлігін сырттан аламыз. Өзге елдер субсидияның не екенін де білмейді. Білсе де, дәл осындай мол қаржы бөлінбейді. Бір жағынан адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық. Бұл мәселемен түбегейлі айналысуымыз керек. Мен Үкіметке, Ауыл шаруашылығының жаңа министріне міндет жүктедім", - деді Президент.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда инфляцияның жеделдеу себептері туралы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары