$ 448.89  477.93  4.76

«Ес білген оқушылар бір-бірінің бетіне қарап дәрет сындыра ма?» (видео)

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы №8 мектептегі әжетхана көптің ашуын туғызды. Себебі онда ешбір қоршаусыз қаз-қатар тізілген 9 унитаз орнатылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы №8 мектептегі әжетхана көптің ашуын туғызды. Себебі онда ешбір қоршаусыз қаз-қатар тізілген 9 унитаз орнатылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Мектеп әжетханасының видеосын белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

"Далада болмасын дегенге аямай салған екен-ау… Арыс қаласындағы (Түркістан обл.) №8 мектеп. Ал, енді осы 9 унитазды бөлмей, қатар-қатар қойған пысық ағалар айтыңыздаршы маған: жеке гигиена қайда, пандемия қайда, адам баласының бір-бірінің бетіне қарап дәрет сындырғанын қайдан көріп едіңіз? Топырлаған унитазға бала болып бастауыштар отырмаса, есі кіріп қалған жоғары сынып оқушылары есіктен ене алмай жүр" деп жазды автор.

Видеоны көрген желі қолданушылары жауаптылардың бұл әрекетіне ашуға булықты.

"Айтарға сөзім жоқ. Камера қоймағанына шүкір", "Өте дұрыс айтасыз. Тендер алып, соны мүмкіндік болса, көбірек жеп қалудың қамы ғой сол", "Ортасын бөлуге материал жетпеген ғой... Ақшаны үнемдеп, демек, жеген" деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков бұл әжетхана жобалық-сметалық құжатқа сай салынған деп отыр.

"Таразда болған оқиғадан соң қауіпсіздік шараларына байланысты барлық мектептердегі сыртқы әжетханалар жабылып, ішке көшірілді. №8 мектептегі әжетхана жобалық-сметалық құжатқа сай солай салынды. Бүгінде әжетхана қолданыста. Мен мектеп директорына кабина етіп, қоршау қоюды тапсырған болатынмын. Қазір қарастырылып жатыр. Бірақ нақты қашан қойылатынын айта алмаймын", — деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, Арыс қаласында былтыр 38 мектепке ішкі әжетханалар салынған. Оған бюджеттен 248 миллион теңге жұмсалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары