$ 494.87  520.65  4.91

Кореяда өлтірілген отандасымыздың денесі туыстары есебінен елге жеткізіледі

Кісі қолынан қаза тапқан отандасымыз және адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған азамат соңғы екі жылдан бері Оңтүстік Кореяда елінде нәпақа тауып жүрген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кісі қолынан қаза тапқан отандасымыз және адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған азамат соңғы екі жылдан бері Оңтүстік Кореяда елінде нәпақа тауып жүрген. Екеуі де Түркістан облысының тұрғындары, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Кісі қолынан қаза тапқан отандасымыздың денесі жақын күндері елге жеткізіледі. Шығын марқұмың туыстарының есебінен төленеді. Қазіргі таңда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігі марқұмның туыстарына тиісті құжаттар рәсімдеу жағынан көмектесіп жатыр", — деді Сыртқы істер министрлігіндегілер.

Ведомстводағылар қазіргі таңда күдікті Оңтүстік Кореядағы тергеу изоляторында жатқанын, қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ал өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Еске салсақ, 12 қазанда Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Қазақстанның екі азаматы арасында жанжал болып, бірі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік басылымдардың жазуынша, қайтыс болған жігіт 26 рет пышақталған. Оның алтауы мойын тұсына дәлденген. Ал күдікті оқиға болған жерде ұсталып, қамауға алынды.

Белгілі болғандай, марқұм жігіт пен күдікті туыс болған және бала күнінен бірге өскен. Бір мектепте оқыған. Жанжалдың неден шыққаны және кісі өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Корея #қылмыс