Әлеуметтік желіде "өрт сөндіруге келген, бірақ суы жоқ" деген хабарламамен видео тарады. Бейнероликтен өрт қызметкерлері жанып жатқан сарайдың отын сөндірмей, қасында тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Оқиғаға қатысты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жауап берді.
Өрт Тайтөбе кентінде болды. Оны сөндіруге құрамында екі адамы бар Қосшы қаласының мемлекеттік емес өртке қарсы бекетінің кезекші қарауылы жіберілді. Өрт ауылдың шетіндегі күзетші отыратан ғимараттан шыққаны анықталды, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.
Олардың мәліметінше, ғимарат жанында тоқ сымдары салбырап тұрған трансформаторлық станция тұрған. Ал қауіпсіздік техникасы бойынша өрт ошағына суды қауіпсіз шашу үшін ғимаратта электр энергиясы жүргізілмегенін анықтау қажет.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жергілікті жерді барлау кезі түсірілген. Өртті оқшаулау уақыты 18:51, толық сөндіру уақыты 19:15. Өрт сөндірушілердің көлігінде су болды, - деп жауап берді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.