21.10.2021, 10:40

Қызметкерлерін ұрып-соққан полицей жұмыстан қуылды

Фото: видеодан скриншот
Бұл туралы Астана қаласы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мақсат Әбікен қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соққан видео телеграм каналда тараған соң қызметінен кетті, деп жазады arasha.kz.

Бұл туралы Астана қаласы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Телеграм каналда шыққан видеоға орай қызметтік тексеріс жүргізген департамент Мақсат Әбікенді және оның кадр жөніндегі орынбасарын қызметінен алып тастаған.