Желіде Алматы облысында жас жігіттің алып тастың түбіндегі тіреуді алып тастамақ болғаннан кейін, үлкен қойтастың оны басып қалғаны туралы видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz.
Telegram желісінде тараған видеодағы қайғылы оқиға Алматы облысы аумағында болғандығы айтылады.
Алып қойтастың тіреуіш тасын алып тастамақ болған жігіт ауыр жарақат алғаны байқалады.
Оқиға туралы видео авторы төтенше жағдайлар департаментіне түсініктеме берген.
"Бұл жағдай екі жыл бұрын, 2019 жылдың жазында Алматы облысының Текелі қаласында болған еді. Жігіт тірі, дені сау және қазір Новосибирск қаласында оқиды", – деген видео авторы Төтенше жағдайлар департаментіне берген сұхбатында.
Құтқарушылар бұл факті туралы ТЖД мен Алматы облысының басқа да мемлекеттік органдарына бұрын хабарланбағанын айта кетті.