21.10.2021, 13:00

Тоқаев патриоттық бағыттағы TikTok жобасын құруды қолдады

Фото: Reuters
Президент Instagram-дағы жобаларды да қолдайтынын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok пен Instagram-дағы жобаларды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Президент балалар бос уақыты көп болғандықтан қажетсіз нәрселерге алаңдайтынын, ал ата-ана мен мұғалімдер оларды әрдайым қадағалай алмайтынын мәлімдеді. Ол елімізде жаппай балалар спортын дамытуға, сондай-ақ балалар театрларын ашуға шақырды.

"Балалар арасында таланттар көп. Жезқазғанда балалардың домбырада ойнағанын көрдім, оларға қолдау көрсету керек. Сіздің "Біздің өлке тарихы" TikTok жобасына қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл - жақсы жоба. Қазір жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл өмір шындығы. Осы шындыққа сәйкес, балаларымыздың көңіл-күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

TikTok жобасын құру идеясын Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская ұсынды. Оның пікірінше, жоба "интернетті қажетті және пайдалы бағытқа бағыттауға" көмектеседі.