21.10.2021, 17:40

Арон Атабек комаға түсті

Фото: ашық дереккөзі
Коронавирустың салдарынан болған өкпе қабынуы ақынға ауыр тиді.

Диссидент ақын Арон Атабектің өкпесі қабынып, ауыр жағдайда ауруханаға түскенін бұған дейін жазғанбыз.

Редакцияға хабарласқан тұрақты оқырмандарымыздың бірі Арон Атабектің бүгін комаға түскенін хабарлады.

«Коронавирустың салдарынан болған өкпе қабынуы ақынға ауыр тиді. Бұрынғы отбасындағы мәселелер де оған жығылған үстіне жұдырық болғанға ұқсайды. Аронның жағдайы бұрынғыдан да нашарлап, бүгін комаға түсті...», – деді оқырманымыз.

Естеріңізге салайық, 2006 жылы атышулы «Шаңырақ оқиғасынан» кейін ақын Арон Атабек «жаппай бүлік ұйымдастырды, адам өліміне себепкер болды» деген айыппен 18 жылға сотталған болатын. Жуырда ол денсаулығына байланысты түрмеден босап шықты.

NEGE.KZ