Оқиға биыл 17 қазан күні түнде Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орын алған деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Елдімекендегі букмекерлік кеңсеге шабуылдаған 4 қыз бүгінде қолға түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті төрт қызды аз уақыт ішінде ұстағанын айтып отыр. Тергеу барысында белгілі болғандай, олардың үшеуі пышақпен қаруланып, кеңсенің ішіне кірген, төртіншісі сыртта күзетіп тұрыпты. Кассирды "өлтіреміз" деп қорқытқан бойжеткен қыздар кассадағы 350 мың теңгені қолды қылып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Ұсталған қыздардың ең үлкені 29-да, кішісі 18-ге енді толған. Өзге екеуінің бірі - 26-да болса, екіншісі 25 жаста. Айғақ зат ретінде олардан 30 мың теңге тәркіленді. Қалған ақшаны қыздар жаратып үлгерген көрінеді.