Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2022 жылы инфляция көлемі 4-6 пайыз көлемінде болады деген. Бірақ депутат Азат Перуашев бұған сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Инфляцияның деңгейі алты пайыз дегенге сенбеймін. Мұндай сандық көрсеткіштерді айтатын шенеуніктерді жетектеп базарға апару керек.
Сонымен қатар ай сайын коммуналдық төлемдердің чегін көрсету қажет,
— дейді Азат Перуашев.
Оның айтуынша, Қазақстанда инфлиция өсімі 15-20 пайызға жеткен.
"Сол себепті Үкіметтің дерегімен келісе алмаймын. Сондай-ақ, Ұлттық банкінің қателіктері байқалады. Олардың базалық мөлшерлемесі жоғары. Яғни оны төмендетудің орнына 9,5 пайызға көтеріп қойды. Сол себепті елде несие пайыздары жоғары. Мұның бәрі шағын несие алған кәсіпкерлерге, ипотека алған қарапайым халыққа ауыр тиіп тұр. Ұлттық банктің пайыздық ставкасының көтеруі — инфлцияның өсуінің бір себебі деп санаймын", — дейді депутат.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт көлемін бекіту туралы заң жобасы қабылданды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастыратындарын айтқан. Соған сәйкес, 2022 жылы инфляция 4-6 пайыз, 2023-2024 жылдары 4-5 пайыз және 2025-2026 жылдары 3-4 пайыз деңгейінде болады деген. Ал Ұлттық банк шілдеде және қыркүйекте базалық ставканы 9 пайыздан 9,5 пайызға дейін екі рет көтерген.