Павлодар облысының тұрғыны қонаққа кетті, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын тамақсыз жылытылмаған үйде жалғыз қалдырды. Полицейлердің мәліметінше, бұл әйелдің балаларын жалғыз қалдырып, үйден кетуі бірінші рет емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia-ға сілтеме жасап.
Балалардың бірнеше күн бойы сабаққа қатыспағанын байқаған мектеп мұғалімдері бірінші болып дабыл қақты. Тәртіп сақшылары отбасы тұратын үйге барды, бірақ онда ешкім жоқ.
Полицейлер балалардың туысымен болғанын анықтады. Олардың анасы белгісіз бағытта кетіп, 10 және 7 жасар қыздарын үйде жалғыз қалдырған. Ол балаларға тамақ қалдырмаған, от жағылмаған. Аш және өте суықта қалған балалар ағасына қоңырау шалып, анасының жоғалып кеткенін айтқан. Туысы балаларды үйіне апарды, ол полицияға әйелдің үш күн бойы хабарласпағанын айтты.
"Біз қыздардың анасының қайда екенін анықтау үшін барлық қажетті шараларды бастадық. Іздестіру нәтижесінде әйел Ақсу қаласында, досының пәтерінде табылды. Ол алкогольдік мас күйде болған", – дейді Павлодар облысы Успен ауданының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Дамира Букаева.
Әйелдің әрекетін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия да қарайтын болады.
Департамент сонымен қатар 2020 жылдың ақпанында қыздардың анасы полицейлердің назарын аударғанын айтты – ол балаларды бірнеше күн жалғыз қалдырып, үйден шығып кеткен. Содан кейін сотта әйел балаларын алып кетпеуді өтінді, жұмысқа орналасуға, қыздарын енді жалғыз қалдырмауға уәде берген еді.