$ 443.85  474.3  4.8

«Туған қызын зорлау дерегі бұрын да болған» - психолог

Былтыр кәмелетке толмаған жасөспірімдерді зорлау бойынша тіркелген істің көбі бәрі ата-ана, педагог, асыраушысы тарапынан болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрын-соңды "өгей әкесі қызын зорлады" дегенді жиі еститін едік. Ал қазір әкесі туған қызын зорлағаны туралы дерек көбейді.

Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше:

  • 2017 жылы — 146 дерек ;
  • 2018 жылы — 132 дерек;
  • 2019 жылы — 85 дерек;
  • 2020 жылы — тіркелген 199 қылмыстық істің 128-і сәбилерге қатысты.

Ал 2021 жылдың көктеміне дейін 825 қылмыстық іс тіркелсе, оның 669-ына жақындарының (81 пайыз), ал 10 пайызы — әкесі мен өгей әкесінің қатысы болған. Бұған не себеп? 

Психолог Күлмаш Елшібаеваның айтуынша, мұндай жағдайлар бұрын да болған. "Ол кезде цензура қатал болды. Сондықтан да ешқандай ақпарат тарамады. Маған менің жасымдағы, тіпті 80-90 жастағы кісілер келіп, балалық шағындағы психологиялық жарақатын айтқанда сондай сұмдық оқиғаның болғанын жасырмайды. Оны қазір жерден жеті қоян тапқандай етіп жариялайды. Бүгінде мұндай ақпарат интернет арқылы демде тарап кетеді. Бәрі ашық болып кетті бізде. Ұяттан қалдық. Жалпы, қазақ табиғатынан ұяң ұлт еді ғой. Ал бүгін еліктейміз деп ұятты ысырып тастадық. Жеке басымыздың мәселесін жұрт алдына ұялмай шығара беретін болдық", — дейді психолог.

Ал келесі бір психолог Майгүл Бағыбаева болса, өз қызын зорлап-қорлап жүрген әкеде қандай да бір патология болуы мүмкін екенін айтады.

"Әкесі туған қызын зорласа, оған қыздың ашық-шашық жүргені, тәрбиесі себеп емес. Демек, ол адамда ақау бар. Есі дұрыс адам ондай әрекетке бармауы керек. Ол адам психиатрға қаралуы тиіс. Өгей әкесі зорлаған қыздармен де жұмыс істедім. Бірақ әлі "туған әкем зорлады" деп алдыма ешкім келмеді", — дейді ол.

Психолог Ермек Нұрымның пікірінше, адам шошырлық мәселелер көбейіп кетті. "Бірінші кезекте "адам бұндай қадамға неге барды?" дегенді зерттеу керек. Көбінесе зардап шегетін әйелдер. Себебі, өзінің бұрынғы күйеуінен қалған балаларымен бірге өзге жанға қосылады. Бірақ ол адамның ойында не жатқанын ешкім танып біле алмайды.

Екінші, педофилия жасайтын азаматтардың бала кезде өзі де соның құрбаны болған немесе зорлық-зомбылықтың ортасында өскендер.

Үшінші, адамға психологиялық зақым келгенде өзіне жауап бере алмайды. Мысалы, шизофренияға шалдыққан. Бірақ ол өзін ауру деп ешқашан санамайды.

Express Qazaqstan

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары