$ 494.87  520.65  4.91

Ассамблея жетістігі – ел жетістігі!

Бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр.
Фото: assembly.kz
Фото: assembly.kz

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Отыз жылда алған асуларымыз жетерлік. Ол әрине елдегі татулық пен бірліктің арқасы. Себебі бірлік пен бейбітшілік болмаған жерде Тәуелсіздік бағы да баянды болмайды. Елдегі осы бір бейбітшілік пен келісімге себепші болып отырған бірден бір орган бар. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы, деп жазады Skifnews порталы. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр. Әлем қауымдастығы жоғары бағалап отыр. Шет мемлекеттердің өкілдері Қазақстанға ҚХА тәжірибесін зерттеу үшін келеді. Ассамблея мүшелерін ҚХА тәжірибесімен бөлісу үшін шетелдерге шақырады. Ассамблеяның жетістігі бұл ғана емес. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ауқымы үлкен талай халықаралық форум өтті. Ол форумдарда этносаралық саясат тәжірибесі айтылды. Бұның бәрі Қазақстанның этносаралық саясатының бірегей екенін көрсетеді. 

Ассамблея этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым—қатынас орнатқан. Бүгінде елдің барлық өңірінде өкілдігі бар. Олардың құрамына зерттеулер жүргізетін Ғылыми-сарапшылық кеңес, отбасы институтын нығайтатын Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, студенттермен, жастармен белсенді жұмыс жүргізетін «Жарасым» жастар ұйымы, ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері, дауларды сотқа дейін шешу мәселелерімен айналысатын Медиация кеңестері, Достық үйлері кіреді. Достық үйлерінің жанында тіл үйренуге мүмкіндік беретін тегін мектептер жұмыс істеп тұр. Коворкинг орталықтар құрылған. 

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы шығарған «Ұлттық бірлік доктринасы», «Мәңгілік ел» патриоттық актісі сынды маңызды құжаттар бар. 

ҚХА өзінің күшін бүкіл әлемге оңай соқпаған былтырғы пандемия кезінде де көрсетті. Елбасының бастамасымен жалпы республикалық  #BIZBIRGEMIZ акциясын жүргізді. Осы шараның аясында Ассамблея 1 млрд 61 млн теңге көмек көрсетті. Одан бөлек Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге Ассамблея 335 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Пандемия кезінде 151,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек пен жасанды тыныстандыру аппараттары алынды. Ал 800 мыңнан астам адам қатысқан «Мың алғыс» акциясы бойынша 77,7 млн теңге көмек көрсетілді. 

ҚХА еріктілері #BIZBIRGEMIZ акциясының аясында аз қамтылған отбасыларға, соғыс және тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, балалар үйіне, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін тасыды. Ерікті көмектесушілер көше мен қоғамдық көліктерде маска таратты. 

ҚХА Төрағасының орынбасары Зәкірдан Кузиев: 
Ассамблеяның құрылғанына ширек ғасыр толды. Сол уақыт аралығында ол көптеген халықаралық жобаларға бастамашы болды. Оның негізгі мақсаты — республика азаматтарының еркіндігі мен құқықтарының теңдігі, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамай теңдей қарым-қатынас құруға мүмкіндік беру, ұлттар мәдениетін жан-жақты дамыту. Оған қоса ҚХА осы жылдар бойы халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуға, этностар бірлігінің арқасында қазақстандық біртұтастықты қалыптастыруға, ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты насихаттауға ықпал етті. Ассамблея осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұның бәріне, әрине, Қазақстан халқының бірлігінің арқасында қол жеткіздік. Бірліктің маңыздылығы азаматтардың санасы мен жүрегіне сіңген. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың бірлігінің арқасында экономиканы дұрыс жолға қойды. Тәуелсіздік алған жылдары үлкен қиындықтар болды. Бүкіл халықтың бір көшбасшының маңайына бірігуі аяққа тұруға көмектесті. Бірлік пен келісім ел экономикасын көтеруге жақсы фундамент болды. Осы фундаментті әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды» - дейді. 

Әлемдегі қандай болсын экономикалық, саяси дағдарыстарға қарамастан қазақстандықтар ертеңгі күніне сенімді. Себебі біздің елдің бірлігі мен татулығы берік. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігі де осы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары