$ 494.87  520.65  4.91

Антикор заңсыз сыйлық алған ЖОО оқытушыларын қатаң жазалауды ұсынды

Оқытушыларға 5-тен 200 мың теңгеге дейінгі сома сыйақы ретінде ұсынылған.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңсыз сыйақы алған университет оқытушыларына жазаны күшейтуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Антикор басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тіркелген өңірлер: Атырау - 24 пайыз, Нұр-Сұлтан - 20 пайыз, Шымкент - 12,5 пайыз, Алматы - 12 пайыз, Алматы облысы - 12 пайыз, Маңғыстау - 10 пайыз және Түркістан облысы - 9 пайыз.

Сессия жабу дерегі бойынша 64 пайыз жағдай және университетке қабылдауға қатысты 14 пайыз жағдай анықталған. 95 пайыз жағдайда 5-тен 200 мың теңгеге дейінгі сома сыйақы ретінде ұсынылған. Басқа жағдайларда сыйлықтар. Респонденттердің 28 пайызы басқа нұсқа жоқ деп жауап берген, ал әрбір бесіншісі мәселені осылайша шешу ыңғайлы және оңай екенін айтқан.

"Мәселенің шешімі ретінде агенттік Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша ("Заңсыз сыйақы алу") санкцияларын күшейтуді ұсынады, онда үкіметтік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, оның құрамына университеттер де кіреді. Бұл шара құрамды қылмыстық құқық бұзушылықтан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауыстыруға мүмкіндік береді",- делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, білім беру саласында үш жыл ішінде 400 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. 270 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Антикор мәліметінше, олардың арасында білім вице-министрлері, министрлікке еншілес ұйым алқаларының төрағалары, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық деңгейдегі білім бөлімдері мен департаменттерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары