$ 443.85  474.3  4.8

Атырауда көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған жігіттің басы дауға қалды

Оған 58 340 теңге теңге көлемінде айыппұл салынды.
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Атырауда көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған жігіт айыппұл арқалады деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 қазан күні сағат 18:23 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Афанасьева көшесінің бойынан сыртына әртүрлі сөздер жазылған Ваз-21144 маркалы автокөлігін байқап, тоқтатқан. Тексеру кезінде аталған көліктің сыртында бейәдеп сөздер жазылып тұрғаны белгілі болған. 

Осыдан кейін 19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабы10-бөлігі бойынша (Көлік құралының сыртына бейәдеп сөздер жазылған күйнде жүргізгені үшін) әкімшілік хаттама толтырылған. Оған 58 340 теңге теңге көлемінде айыппұл салынды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары