25.10.2016, 03:25

Алматыда белгісіз 2 адам банкке шабуыл жасап, қару-жарақпен қашып кетті

Алматыда белгісіз біреулер "Банк ЦентрКредит" ғимаратын күзеткен қарауылдарға шабуыл жасап, олардың қару-жарағын ұрлап кетті. Бұл жайында Informburo.kz хабарлап отыр.

Оқиға бүгін таңғы 8:10 шамасында орын алған. Банктің күзет қызметі Алматы қалалық ІІД-нің шұғыл басқару орталығына хабарласып, болған жайтты баяндапты. Қарақшылар Алмалы ауданында орналасқан "ЦентрКредит" ғимаратын шабуылдаған.

Белгілі болғандай, белгісіз екі тұлға күзетшілерге күш көрсетіп, олардың қару-жарағын тартып алған. Қазіргі таңда қалада "Дабыл" алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілерді ұстауға күш салуда.