$ 443.44  480.51  4.88

Батыс Қазақстанда екі адам көлік апатының салдарынан өртеніп кетті (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тергеуді бастады.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Батыс Қазақстан облысында жол апаты орын алып, көлікте болған екі адам данып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 24 қазан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

“Орал-Атырау жолының 209-шақырымында "Лада Веста" және "Лада Приора" автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. "Лада Приора" автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті”, – делінген БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

"Лада Вестада" түрлі жарақат алған 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен трассалық медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері де барды.

Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тергеуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары