Қонаев Павлодар қаласын «Хрущевоград» деп атаудан қорғап қалған. Бұл жайында Дінмұхамед Қонаев туралы естелік мақаласында Саратовтағы «Повольже қазактары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Владимир Ташпеков айтты.
«Ол асығыс-үсігіс және тағдыршешті шешім қабылдауды ұнатпайтын. Оның ойынша бәрін өмірдің өзі өз орнына қояды. Тыңды игеру кезінде де жағдай солай болды. Никита Сергеевичке жағымпазданғысы келгендер Павлодар қаласын Хрущевоград деп атау туралы шешім қабылдамақ болады. Шешімнің жобасын Қонаевқа әкеп бергенде ол қағазды ашудан жарылардай болып оқып шықты да:
–Хрущевке баяндадыңдар ма?, – деп сұрады.
– Әзірге жоқ.
–Құдайға шүкір, – деді Қонаев. Сосын ол қағазды үстелді ары апарып, тығып қойды.
Бізде Қонаев болғанын Құдайға шүкір. Ол кісінің арқасында Павлодар, Павлодар болып қалды. Ал павлодарлықтар хрущевоградтықтар атанудан аман қалды», дейді автор өз естелігінде.