Туризм комитеті «Гүлнәр Тур» ТК» ЖШС-ін туроператорлық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарайтын аталған комитет Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотына осындай шағым түсіріп отыр.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылдың 13 шілдесіндегі №211 ҚР Заңының талаптарын бұзған «Гүлнәр Тур» туроператоры туристерге туристік өнім құрамына кіретін барлық қызмет түрлерін толық көрсетпеді, яғни, туристер алдындағы міндетін орындамады», делінген хабарламада.