Пәкстанның Кветта қаласында (Белуджистан провинциясы) орналасқан полиция академиясына лаңкестер шабуыл жасап, 59 кадетті атып өлтірді. Сондай-ақ, тағы 116 адам ауыр дене жарақаттарын алған. Олардың қатарында күзетшілер де бар. Бұл туралы Geo TV телеарнасы жергілікті дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Жараланғандардың сегізі аса ауыр халде жатыр. Белуджистан провинциясының ішкі істер министрі Сарфараз Бугти антитеррорлық операцияның аяқталғанын мәлімдеді. Оның барысында үш содырдың көзі жойылыпты. 250 адам кепілдіктен босатылған.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға 24 қазан күні кешкі сағат 21:30 шамасында орын алған. Суық қаруланған 5-6 адам полицейлер дайындайтын колледжге басып кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Мұнан кейін олар кадеттер жататын казармаға кіріп, тағы бірнеше адамды атып өлтіріпті. Оқиға болған сәтте академияда барлығы 700 адам болған.