$ 445.66  474.58  4.78

Ауруханада қайтыс болған науқастың әшекейін ұрлағандар іздестірілуде

Павел Митрохин Теміртау қаласының Абай көшесі 166 мекенжайындағы ковид ауруханасына түсіп, 6 тамызда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жесір қалған әйел мәйітханада Павелдің саусағында алтын неке жүзігі де, крестпен күміс шынжыры да жоқ екенін байқайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Теміртау қалалық полициясы ми инфарктынан қайтыс болған науқастың зергерлік бұйымының жоғалып кетуіне қатысты Теміртау қаласының Абай көшесіндегі ковид ауруханасының медициналық қызметкерлері мен күзетшілерінен жауап алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Liter.kz. 

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин халықпен есеп беру кездесуінде қылмыстық іске қатысты тергеу барысына түсініктеме берді. 

«Іс Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес «Ұрлық» фактісі бойынша тіркелді. Сақина қайтарылды, бірақ іс әлі де толық ашылмаған. Істі Теміртау қалалық ІІБ ескі қалалық полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Қылмысты ашу шаралары жүргізілуде. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Ерлан Жұмасейітұлы. 

Түсініктемені медицина қызметкерлері мен аурухана күзетшілері береді. 

Павел Митрохин Теміртау қаласының Абай көшесі 166 мекенжайындағы ковид ауруханасына түсіп, 6 тамызда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жесір қалған әйел мәйітханада Павелдің саусағында алтын неке жүзігі де, крестпен күміс шынжыры да жоқ екенін байқайды. Әйелі бұл сақинаны күйеуіне шіркеуде тойында таққан. Жесір әйел таныстары арқылы шенеуніктерге хабарласқан, содан екі күннен кейін алтын сақинаны еш түсіндірместен және кешірім сұрамастан қайтарып берген. Ал крест белгісі бар күміс шынжыр сол күйі табылмаған. 

21 тамызда жесір әйел полицияға арыз жазып, дәрігерлерді ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартуды талап етті. Қылмыстық істі Теміртау қалалық ІІБ ескі қалалық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары