$ 494.87  520.65  4.91

Жылаған тәрбиешісін жұбатқан бүлдіршіндер елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Бұл жылы бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндіріп отыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде 3-4 жасар балалардың тәрбиешісіне деген мейірімі мен ыстық ықыласы бейнеленген видео тарады. Оқиға еліміздің бір бала бақшасында болғаны байқалады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазбада ойын балалары тәрбиешісін тыңдамай, асыр салып ойнап жүргені көрінеді. Бұған "ыза" болған апайы отыра қалып, жылаған кейіп танытады. "Бұзақылар" сап тыйылып, тәрбиешісіне жандары ашып, қасына жүгіріп келіп, үймелей қалады. Бірі құшақтап, екіншісі жұбату сөздерін айтып, бар мейірімін төгеді.

Тәрбиешісінің тапқырлығы "құлақсыз" бүлдіршіндерді дем арасында тыныштандырды. Бұл жылы бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндіріп отыр. Бірі "періштелер" деп, балаларға ризашылық білдірсе, бірі "жақсы адамды бала мен ит қана ажырата алады" деп тәрбиешісіне де жылы лебіз қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары