Жаңалықтар 26.10.2021 сағат 10:00

Академик Серік Қирабаев өмірден өтті

95 жасына қараған шағында өмірден өтті.
Академик Серік Қирабаев өмірден өтті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы Серік Қирабаев 95 жасына қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған. Оның Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден аса әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген.

Серік Қирабаев түрлі марапатқа ие болған: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет" грамотасымен; 1964 жылы филология ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы); 1965-1966 жылы профессор атағы; КСРО-ның "Еңбек Қызыл Ту" ордені; КСРО-ның "Халықтар Достығы" ордені; 1968 жылы КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі; 1977 жылы "Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы; 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі құрметті атағы; 1995 жылы "Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы; 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған.

2005 жылы Президент жарлығы бойынша, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

2007 жылдың 30 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы "Отан" орденімен марапатталған.

2012 жылы Президент жарлығымен ІІ дәрежедегі "Барыс" орденімен және көптеген мемлекеттік медальмен марапатталған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар