$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде былтырдан бері пневмониядан бес мыңнан астам адам қайтыс болды

Ауыр, аса ауыр жағдайларда және ӨЖЖ аппаратында 871 адам жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда 24 қазанда коронавирустық инфекциядан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ден 24 адам, коронавирустық пневмониядан 10 адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 11 975 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан және теріс ПТР тестінен 5016 адам қайтыс болды.

25 қазанда коронавирустық инфекцияның 1 353 жаңа жағдайы анықталды. Ал бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 ауруының 931 137 жағдайы тіркеліп, 874 647 адам сауығып кетті.

24 қазанда COVID-19 белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелген, ал 36 адам сауығып кетті. Республикада барлығы 78 781 коронавирустық пневмония ауруы анықталды, 67 732 адам жазылды.

26 қазанда COVID-19-дан 50 548 адам (44 515 КВИ+ және 6 033 КВИ-) емделіп жатыр. Стационарларда 8 860 пациент, амбулаториялық деңгейде – 41 688 пациент бар.

ауыр халде – 612 науқас,
аса ауыр күйде – 157 науқас,
өкпені жасанды желдету аппаратында – 102 науқас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары