$ 449.58  486.94  4.86

Бөтелкемен кептелісті реттеген алматылық жігітке жұрт риза болды (видео)

Алматы қаласында Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында бағдаршам істемей қалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қоғамдағы келеңсіз жағдайларға бей-жай қарай алмайтын жігіт кептелісте қала тұрғындарына көмек көрсетті. Қарап тұрмай қол ұшын созып, жол полициясы секілді көш қиылысындағы қозғалысты демде ретке келтірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Алматы қаласында Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында бағдаршам істемей қалған. Соның кесірінен ұзын-сонар кептелісті көрген жас жігіт саспастан, қолындағы пластик бөтелкесін реттеушінің таяғы етіп, жол қозғалысын қалыпты келтірді. Көлік иелері бірден жігіттің нұсқауымен жүре бастаған. Бейне жазбада автокөлік легін бір арнаға түсіргені анық көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары