26.10.2021, 16:00

Төреғалидің жары алғаш рет үлкен қызының сырқаты жайлы айтты

Фото: stan.kz
Кәусар алты жаста. Алла тағаланың қалауымен алты айлық болып дүниеге келді.

Отандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы үлкен қызы Кәусардың сырқаты туралы алғаш рет сыр айтты. Ерлі-зайыптылар бұл тақырыпты қозғамауға тырысқанымен, балаларының денсаулығы үшін күресіп жүрген басқа ата-аналарға сабақ болғанын қалайды, деп жазады Stan.kz.

Толқын Мырзакімова Instagram желісінде алты жасар қызы Кәусардың денсаулығы туралы жиі сұралатынын атап өтті. Анасы қызының денсаулығына алаңдап отырғандардың барлығына алғысын білдірді. 

"Мен Кәусар есімді ерік-жігері мықты қыздың үлкен жеңістері туралы шағын әңгіме айтқым келеді. Осы уақытқа дейін бұл туралы жасырғым келмеді. Бірақ соңғы кезде басқа аналардан: "Ал менің балам ауырып жатыр, Толқын, оны қалай емдейтініңді, қалай шаршамайтыныңды айтшы" деген өтініштерін жиі естимін. Басқаларға сабақ болса деймін. Себебі ол күн сайын жақсарып келеді. Кәусар алты жаста. Алла тағаланың қалауымен алты айлық болып дүниеге келді. Бірақ, мерзімінен бұрын келсе де, менің қайсар қызым Кәусар өмір үшін күресті”, – деп жазды.

Толқын ханымның айтуынша, бала емделмейді деп болжағандар көп. Алайда анасының да, өзінің жігер жасымаған.

"Кімде-кім не десе де, берілмеу керек. Балаңыздың күшіне сеніңіз, оның ең дені сау, ең бақытты болатынына сеніңіз. Сенім күтпеген нәтижеге жетуге көмектеседі. Мен көп аналарды көрдім. Баласына сенбей, ғажайыптан күдер үзіп, күресуді тоқтатқан, бұл өте өкінішті. Ешқашан үмітіңізді үзбеңіз. Бала үшін ең маңызды дәрі - ананың шексіз махаббаты. Барлығы бір Алла Тағаланың қолында”, - деп атап өтті ол.

Айта кетейік Төреғали Төреәлі мен жары бес баланың ата-анасы. Толқын ханым көп баланың анасы.

“Ортамыз толып, қатарымыз көбейіп, көпбалалы анаға айналыппын! Аллаға сансыз шүкір. Алланың берген сыйы - шексіз нығметі, бақытты балаларымның анасы болу, мен үшін ең үлкен жетістік! Отбасындағы береке - әрбіріміздің бақытты сәттерімізді бір-бірімізбен бөлісуіміз, әртүрлі қиындықты бірлесе шешуіміз, әрқайсымыздың мақсаттарымызға қолдау көрсете білуіміз - өмірдің маңызы да мәні де сол деп ойлаймын. Берекелі ғұмыр, мерекелі көңіл-күй тіледім баршаңызға. Тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын”, – дейді әншінің жары.