Жаңалықтар 27.10.2021 сағат 00:00

Бокс: Сәкен Бибосынов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбай Досматовты таза жеңді

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Бибосыновқа берді.
Бокс: Сәкен Бибосынов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбай Досматовты таза жеңді
Фото: vesti.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін шаршы алаңға Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

51 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Сәкен алғашқы кездесуінде-ақ Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовпен кездескен болатын. Соңғы екі жылда кәсіби бокста бақ сынаған Досматов пен Бибосынов арасындағы жекпе-жек аса тартысты өтті. Жақында ғана Токиодан жүлдемен оралған Сәкен әккі қарсыласына жақсы тактика қолданып, ара қашықтықты сақтап, жеңіске жетті.

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Бибосыновқа берді.

Осылайша, Сәкен Бибосынов Белградтағы әлемдік доданы сәтті бастады. Хасанбай Досматов бұған дейін қазақстандық боксшылардан айласын асырған болатын. Әсіресе, тәжірибелі Біржан Жақыпов Досматовтан бірнеше мәрте жеңілген.

Белградтағы әлем чемпионатын Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67,5 келі) жеңіспен бастады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар