$ 494.87  520.65  4.91

QazVac вакцинасы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды

ҚР Мемлекеттік сыйлығының сомасы 37 200 000 теңгені құрайды.
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты  Roseofungin-AS препаратын әзірлеушілер мен Биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ қызметкерлеріне, яғни QazVac вакцинасын әзірлеушілерге беру ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Жарлық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

"Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін", - делінген құжатта.

БҒМ түсіндірме жазбасына сәйкес, 2021 жылға арналған "Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар" бюджеттік бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады.

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс" тақырыбындағы жұмысы үшін мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Закария Күнсұлу - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі;

Абдурайымов Ерғали Орынбасарұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Мархабат Мелісбекұлы Қасенов - Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми - зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;

Құтымбетов Леспек Бекболатұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Орынбаев Мұхит Бармақұлы - Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;

Сұлтанқұлова Күлейсан Тұрлыбайқызы - Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;

Хайруллин Берік Мұхитұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор.

"Розеофунгин-АС" жаңа отандық бірегей дәрілік препаратын әзірлеу және өндіруді ұйымдастыру " тақырыбындағы жұмысы үшін мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Саданов Аманкелді Құрбанұлы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;

Балғымбаева Асе Сұлтанқызы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Березин Владимир Элеазарұлы - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вирусология бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор;

Құлмағамбетов - "Микробиология және вирусология Ілияс Райханұлы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі;

Треножникова Людмила Петровна - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Ұлтанбекова Гүлнар Дәулетбайқызы - "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты.

Жарлық жобасы 5 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары