Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Лос-Анджелестен жеткізілген Грэмми сыйлығын көрсетті. Грэмми 7 ай өткен соң иесіне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алтын жалатылған граммофон түріндегі мүсінді табыстау сәтінен түсірілген видеоны диджей және дыбыс продюсері Instagram Stories-ке жүктеген. Сондай-ақ, ол сыйлықты алған сәтінің суретін жариялаған.
Еске салайық, қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses әніне ремиксі үшін "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған болатын.
Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.