28.10.2021, 12:20

Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті – БҰҰ

Фото: REUTERS
Қыркүйектің басында Еуропалық Одақ Ауғанстаннан келген босқындарды көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеген еді.

БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

"Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш", - деді ол.

Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.

Қыркүйектің басында Еуропалық Одақ Ауғанстаннан келген босқындарды көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеген еді.